БАБАЛАР СӨЗІ: «Топар» атауы қайдан шықты?

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» атты арнайы жобаны іске қосты. Бұл жоба аясында «Бабалар сөзі», «Қазақ хандары», «Ежелгі қалалар тарихы», «Халық қазынасы» қатарлы жаңа айдарлар ашылды.
None
None

«Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша, Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланады.

* * *

ТОПАР

Ертеде Топар, Жандар деген екі ағайынды жігіттер болған екен. Екеуі де әрі өжет, әрі батыр екен. Ол кезде қалмақтар жау­лай бастаған екен. Қалмақтар мынадай шарт қойыпты: «Бұқа мен бұқаны сүзістірейік, айғыр мен айғырды төбелестірейік, балуан мен балуанды күрестірейік, егер де осы үшеуі де жеңіске жеткен болса, жерді бейбітшілік жолымен тастап кетеміз» де­ген. Сонда қазақтардың бұқасы да, айғыры да, балуаны да жеңіске жеткен екен. Содан осы сайыс болған жер Топар деген кісінің құрметіне қойылған екен..

Соңғы жаңалықтар