13:35, 28 Тамыз 2015 | GMT +5
БАБАЛАР СӨЗІ: Төрткүл төбе атауы қайдан шықты?
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» атты арнайы жобаны іске қосты. Бұл жоба аясында «Бабалар сөзі», «Қазақ хандары», «Ежелгі қалалар тарихы», «Халық қазынасы» қатарлы жаңа айдарлар ашылды. «Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланады.***

Баяғыда қай ғасыр екені белгісіз, бұрынғы Қарасора (қазіргі Кеңес Арық) ауылында бір үлкен аждаһа пайда болыпты. Ол елге тыныштық бермепті. Малды малдай, адамды адамдай қырыпты. Ауыл адамдары әбден сасыпты. Осы ауылда бір молда болыпты. Ол әбден бұл аждаһаны сиқырмен дуалап, бірнеше ғасырға сиқырлап қатырып қойған екен. Содан сол молданың құдіретінің арқасында ауыл тыныштық тауып қалыпты. Сол аждаһаны ауыл сыртындағы Төрткүл деген төбеге қырға көміпті. Оның аты осы күнге дейін Төрткүл төбе деп аталуда екен.