БАБАЛАР СӨЗІ: Ұранқай тауы туралы аңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылы Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын өткізу туралы бастамасына орай «Қазақ хандығына 550 жыл» атты арнайы жобаны іске қосты. Бұл жоба аясында «Бабалар сөзі», «Қазақ хандары», «Ежелгі қалалар тарихы», «Халық қазынасы» қатарлы жаңа айдарлар ашылды. «Бабалар сөзі» айдары негізіне «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында шыққан 100 томдық ауыз әдебиетінің жыр-толғаулары, қисса-дастандар, сөз ұстаған шешендер мен билерімізден қалған нақылдар, тарихи жәдігерлер алынды. «Қазақ хандары» айдарында тарихымызда еліне қорған болған хандардың өмірі туралы деректер беріледі. Ал «Ежелгі қалалар тарихы» айдарына қазақ даласындағы өркениеттің ордасы болған көне қалалардың тарихы туралы жазбалар жарияланады. «Халық қазынасы» айдары бойынша Қазақстандағы тарихи, мәдени ескерткіштер, қазақ халқының салт-дәстүрлері, қолөнер, қару-жарақтары туралы мағлұматтар берілмек. Жоба материалдары қазақ тілінде (қазақша және төте жазумен) агенттік сайтында жарияланады.
None
None

***

1928 жылдардағы ұжымдастыру кезінде Кеңес үкіметі байларды кәмпескелеп, жасырғаны бар ма деген күдікпен бұл төңіректе де қатты тексеру жүргізіпті. Тексеруге келген екі шолақ белсенді тау басында көне моланың барын біле тұра, оны байлардың қоймасы, олардың жасырған дүниесі осында деп, моланы қаздыртыпты. Бір-екі метр тереңдіктен кейін үлкен тасқа кезігіп, оны жылжыта алмапты.

Тексерушілер: «Ертең түйемен тартамыз», - деп қайтып кетеді. Сол түні екі жігіт бірдей түс көреді. Түстерінде қыз бен жігіт: «бізді мазаламаңдар» деген екен. Ертеңінде екі жігіт қорқып, мола жаққа аяқ баспапты. Сөйтсе, бұл жерге жаугершілік тұста қалмақтың Ұран есімді қызы мен Қай есімді ұлы қатар жерленіпті. Содан бері тау «Ұранқай» деп аталып кетіпті.

Соңғы жаңалықтар