Бабатай стансасында жүк пойызы жолдан шығып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 желтоқсанда 17 сағат 15 минутта Қарағанды жол бөлімшесінің Бабатай стансасында жүк пойызының электровозы мен 12 вагоны жолдан шығып кетті, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

 Бабатай стансасында жүк пойызы жолдан шығып кетті

Апат салдарын жоюға Астана мен Қарағанды Сұрыптау стансаларынан қалпына келтіру пойыздары жіберілді. 

«Телімдегі пойыз қозғалысын 23 сағат 00-минутта қалпына келтіру жоспарлануда.Оқиға барысын тексеруге «ҚТЖ» ҰК» АҚ жанынан арнайы комиссия құрылды», делінген хабарламада.
Айта кетерлігі оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.