21:12, 02 Наурыз 2025 | GMT +5
Бадра Гунба Абхазия президенті болып сайланды

— Дауыс беру нәтижелері бойынша Гунба Бадра Зурабович Абхазия президенті деп танылды, - деді Орталық сайлау комиссиясының басшысы.
Абхазиядағы президенттік сайлаудың екінші турында Гунба 54,73%, оның қарсыласы Адгур Ардзинба 41,54% дауыс жинады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Абхазияда президент сайлауының екінші турында дауыс беру аяқталғанын жазған едік.