Баффеттің компаниясы өз тарихында ірі мәміле жасамақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Миллиардер Уоррен Баффеттің Berkshire Hathaway инвестициялық холдингі 32 миллиард долларға аэроғарыштық және қорғаныс өнеркәсібі үшін металл құрастырмаларын өндіретін Precision Castparts корпорациясын сатып алмақ. Бұл мәміле Баффет компаниясының тарихындағы ірі сатып алуы болмақ, деп хабарлады Лента.ру The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.
None
None

Басылымның хабарлауынша, Berkshire Hathaway компаниясы Precision Castparts акцияларының бір данасын 235 долларға, яғни 21 пайыздық сыйақысымен сатып алады. Корпоация қарызын есепке ала отырып, мәміле 37,2 миллиард долларға түсті.

Berkshire Hathaway қазірдің өзінде Precision Castparts 3 пайызын иеленген. Мәміле 2016 жылдың бірінші тоқсанына жабылады. Корпорация өз атауын сақтап қалады.

Berkshire Hathaway холдингі әлемде нарықтық капиталдандыру жағынан төртінші орын алып, қаражаты 363 миллард долларды құрайды. Компания сақтандыру бизнесіне, теміржол көлігіне, коммуналдық кәсіпорындарға, өнеркәсіп өндірісіне, үй құрылысына, тамақ өнеркәсібі мен автомобильдер сатуға инвестиция салады.

Precision Castparts авиация жасауға бекіту құрастырмаларын шығарумен, сондай-ақ электр стансалары мен мұнайгаз саласы үшін құбырлар және басқа да жабдықтар өндірумен айналысады. Корпорацияның штаб-пәтері Орегон штатының Портленд қаласында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар
Референдум