Бағаланбай қалған батырлар: Григорий ПОСТОЛЬНИКОВ
Берік Әбдіғалиұлының атап өтуінше, бұл жинақта сөз қозғалатын батырлардың есімі жалпақ жұртқа мәлім емес. Олардың атымен аталған көше немесе мектептер жоқ. Қан майданда ерлік көрсеткенін жанындағы жолдастары көрсе де, штаб және партия басшылығы оларды мойындамаған. Біздің міндетіміз - бағаланбай қалған батырлар жайында келешек ұрпаққа әңгімелеп беру.
Григорий ПОСТОЛЬНИКОВ - 1923 жылы Ташкентте дүниеге келген. Әскерге 1942 жылы Гурьевтен (Атырау) шақырылған. 8-ші гвардиялық панфилов дивизиясы 15-ші барлаушылар ротасының барлаушысы. 1944 жылы 23 қаңтарда Калинин облысы Ново-Сокольники қыстағы маңындағы Мелехово деревнясы үшін болған шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып, ерлікпен қаза табады. Командование оны Кеңес Одағының батыры атағына ұсынғанымен майдан қолбасшысы, армия генералы А. Ерёменко қол қоймаған.