Бағаланбай қалған батырлар: Сембай ҚАЛИЕВ
Берік Әбдіғалиұлының атап өтуінше, бұл жинақта сөз қозғалатын батырлардың есімі жалпақ жұртқа мәлім емес. Олардың атымен аталған көше немесе мектептер жоқ. Қан майданда ерлік көрсеткенін жанындағы жолдастары көрсе де, штаб және партия басшылығы оларды мойындамаған. Біздің міндетіміз - бағаланбай қалған батырлар жайында келешек ұрпаққа әңгімелеп беру.
Сембай ҚАЛИЕВ - 1916 жылы Павлодар облысы Лебяжі ауданының Қазы ауылында дүниеге келген. 1937-40 жылдары Қиыр Шығыста әскер қатарында болып, кіші командирлер курсын бітірген. Соғыс кезінде зеңбірек командирі болған. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін 10-шы гвардиялық артполкінің командованиесі 1945 жылдың қаңтар айында С. Қалиевті Кеңес одағының батыры атағына ұсынған. Белгісіз себептермен батыр атағы берілмей қалған. Қызыл Жұлдыз, Қызыл Ту, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
1946 жылы әскерден босап келген соң туған жерінде колхоз төрағасы, шаруашылық басшысы болып еңбек етеді. 1972 жылы 25 қыркүйекте дүниеден өтеді.