Бағалау қызметіне қатысты заң жобасы екінші оқылымға дайындалады

АСТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды,

Бағалау қызметіне қатысты заң жобасы екінші оқылымға дайындалады
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған заң жобасы еліміздегі бағалау қызметі нарығының жүйесін жетілдіру және ретке келтіру болып табылады. Заң жобасының басты идеясы мүлікті бағалау жұмыстарын мемлекеттік бақылаудан өзін-өзі реттейтін жүйеге көшу болып табылады. Құжат талаптары бойынша бұл реттегі мемлекеттің міндеті бағалау қызметін тек реттеу ғана болып қалмақ. Құжат екінші оқылымда қарау үшін Бас комитетке дайындауға жіберілді.