Бағаны әкімшілік жолмен реттеу салалардың инвестициялық тартымдылығын төмендетеді – Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бағаларды әкімшілік жолмен реттеу тәсілінен біртіндеп бас тарту керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бағаны әкімшілік жолмен реттеу салалардың инвестициялық тартымдылығын төмендетеді – Президент

«Бірінші, бағаларды әкімшілік жолмен реттеу тұтас салалардың инвестициялық тартымдылығын төмендетіп, тауарлардың тапшылығы мен импортқа тәуелділікке әкеледі. Сондықтан, мемлекет бағаның қалыптасуына қатысуынан кезең-кезеңмен бас тарту керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Мелекет басшысы мұның бәсекеге бейім емес нарықтарға қатысы жоқ екенін ескертті.

«Монополистердің тарифтері тығыз бақылауда қалып отыр. Бірақ бақылау дегеніміз мүлде қысым көрсету дегенді білдірмейді», - деді Президент.

Айта кету керек, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады.