Багапш грузиндік кемелерді суға батырамын деп қорқытты

СУХУМ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Абхазияның президенті Сергей Багапш республиканың флотына абхаздық шекараны бұзған грузиндік кемелерді нысанаға алуға бұйрық берді. Оның айтуынша, бұл бұйрық «Грузия тарапынан жасалған қарақшылық әрекеттерге» жауап болып табылады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Багапш «грузиндік кемелерге қарсы операциялар үшін тек Абхазияның әскери-теңіз флотының ғана кемелері пайдаланылатын болады. Осы мәселені шешуде Ресейдің ешқандай әскери-теңіз күштері тартылмайды және тартылмайтын болады», - деп мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар