Бағасын көтерген жанармай бекеттеріне көлік кіргізілмейді - Алматы әкімі

АЛМАТЫ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Азық-түлік тауарлары, әсіресе, өзімізде өндірілетін тауарлар бағасы көтерілмеуі тиіс. Бұл туралы бүгін Алматы әкімдігінде өткен арнайы отырыс барысында қала әкімі Ахметжан Есімов айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қала әкімінің пікірінше, қалада азық-түлік қоры жеткілікті. «Мен бүгін «Арзан» көтерме сауда орталығында болдым. Ондағы азық-түлік қоры 1 айға еркін жетеді. Бұл сауда орталығының басшылығы бағаның көтерілмейтіндігіне уәде беріп отыр», - деді А.Есімов. Ол, сондай-ақ шет елден келетін электроника сынды тауарлардың бағасының өсуі байқалғанын атап өтті. Қала әкімдігі жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша қаладағы кейбір жанармай бекеттерінде бағаның өскені байқалған. Мәселен, Sinoil жанармай сату желісінде баға 8 теңгеге өскен. «Жанармай өзімізде өндіріледі. Егер Sinoil бағаны көтерсе, бұны қарау керек. Мен жол полициясына бағаны көтерген бұндай жанармай сату орындарына көліктерді кіргізбеуге пәрмен беремін. Ал олар бағаны не үшін көтергеніне жауап берсін», - деді қала әкімі.
Соңғы жаңалықтар