Бағдад маңында болған жарылыстан 25 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак астанасы Бағдад қаласынан оңтүстікке қарай ірі жарылыс орын алды, деп хабарлайды РИА Новости.

 Бағдад маңында болған жарылыстан 25 адам қаза тапты

Оқиға салдарынан кем дегенде 25 адам көз жұмған. Ал зардап шеккендер саны әлі анықталып жатыр. Жарылысты жанкешті жасаған. Әзірге ешбір лаңкестік ұйым жарылысты мойнына алмады.