Бағдадқа жақын жерде болған жарылыстан 9 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак астанасы Бағдадқа жақын жерде жарылыс болып, 9 адам қаза тапты. Тағы 35-і жарақат алды, деп жазады «Хабар 24».
None
None

Шабуыл шаһардан оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде болды. Жанкешті жарылғыш толы көлікті бақылау-өткізу бекетіне апарып соққан. Әзірге лаңкестік әрекетті ешқандай топ мойнына алған жоқ.

Бұдан басқа, Бағдадтың өзінде де жарылыс болды. Бірақ шабуылдан қанша адамның зардап шеккені белгісіз. Оқиға мемелекеттік органдар мен бірқатар елшіліктер орналасқан жасыл аймақта болған.  

Соңғы жаңалықтар