Бағдадта алты бірдей жарылыс болды, 13 адам ажал құшты, 50-ге жуығы жараланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Ирак астанасы Бағдадта Саддам Хусейн режимінің құлағанына 11 жыл толған күні алты бірдей ірі жарылыс орын алдыы. Аталған елдің БАҚ мәліметтері бойынша, жарылыс салдарынан 13 адам қазаға ұшырап, 46-дан астамы жарақаттанған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Бағдадта алты бірдей жарылыс болды, 13 адам ажал құшты, 50-ге жуығы жараланды

Террорлық актілер қаланың әртүрлі бөлігінде, бір-бірінен шалғай жасалды. Елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін жасалып жатқан әрекеттерге қарамастан, Ирак билігі әзірге осы мәселені бақылауда ұстай алмай отыр. Түрлі топтарға бөлінген можахедтер ұйымдастырған жарылыстар мен шабуылдар күнделікті орын алып тұрады. Сәуір айының соңында елде АҚШ әскері шығарылған кезден бергі бірінші рет парламентке сайлау өтеді. Оның қорытындысы бойынша елдің Премьер-Министрі Нүри әл-Мәликидің үкіметті үшінші кезеңде басқару-басқармауы шешіледі. Болмаса лаңкестік шабуылдарға қарсы күресте өз шараларын ұсынатын биліктің жаңа командасы құрылады.