Бағдадта банк тоналып, қауіпсіздік қызметінің сегіз қызметкері қаза болды
КАИР. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат - Бағдадта мемлекеттік банкті содырлар қарулы тонау кезінде Ирактың қауіпсіздік қызметінің сегіз қызметкері атыс үстінде оққа ұшты,
деп хабарлайды РАТА-ТАСС агенттігі.
Полицияның хабарлауынша, оқиға астананың орталығындағы шиіттер тұратын Әл-Каррада ауданында болған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.