Бағдадта бірнеше жарылыс салдарынан 30-ға жуық адам мерт болды
АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - Иракта бірнеше жарылыс болды. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.
Журналистердің мәліметтеріне қарағанда, елдің астанасы Бағдадта орналасқан құс базарында екі жарылыс болды. Жарылыстардың салдарынан кем дегенде 29 адам ажал құшты, 69-ы түрді дәрежеде жарақат алды.
Жарылғыш заттар орнатылған екі көлік Бағдадтың солтүстігінде, шииттердің Казимия ауданында жарылды. Көліктерге қойылған тағы екі бомбаның жарылуы Шомали қаласында болды.