Бағдадта болған екі лаңкестік оқиға құрбандарының саны 147 адамға жетті

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат - Бағдадтың орталығында қазанның 25-інде болған екі жарылыс салдарынан 147 адам опат болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін 132 адамның құрбан болғаны туралы хабарланған болатын. 700-ге жуық адам жарақат алған.

Бірінен соң бірі болған екі жарылыс Әділет министрлігінің және губернатор әкімшілігінің ғимараты жанында орын алды. Жарылысты мина қойылған автомобиль арқылы жанкештілер ұйымдастырған. Бұл лаңкестік соңғы екі жыл ішінде Иракта болған ең ірі оқиға болды.

Соңғы жаңалықтар