Бағдадта болған лаңкестіктің салдарынан ең аз дегенде 147 адам қаза болып, тағы 721 адам жараланған

АСТАНА.  Қазанның  26-сы.  ҚазАқпарат - Бағдад полициясы  осындай мәліметті жария етті.Тексеру барысында,  әлгі екі көліктің      лаңкестік  жасалған   жерге  жеткенше,  бірнеше бақылау-тексеру бекетін  кесіп өткені анықталып  отыр,

Бағдадта  болған лаңкестіктің салдарынан ең  аз дегенде 147 адам  қаза  болып,  тағы 721 адам   жараланған

деп   хабарлайды  Associated Press.

Естеріңізге сала кетейік,  Бағдадтың    орталығында жасалған  екі  жарылыстың салдарынан ең аз дегенде 147 адам  қаза болып,  тағы 721 адам жараланған.

Мина қойылған    автокөлік    қазанның  25-і күні  таңертең Бағдадтың әкімшілік  орталығында  қатарынан   жарылған  болатын.  Бірінші  жарылыс  мәскеу уақыты  бойынша сағат 10.30-да  Ирактың Әділет министрлігінің   қасында  жарылса, екіншісі -  Бағдадтың аймақтық әкімшілігінің  ғимаратына жақын жерде  жарылған.

Бұл   лаңкестіктер -  Иракта   ағымдағы жылы  орын  алып  отырған  ең ірі    жарылыстар.