Бағдадта лаңкестердің қолынан 19 адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бағдад қаласында кеше болған терактілердің салдарынан 19 адам қаза тапты, деп хабарлайды РБК Reuters-ке сілтеме жасап.

Бағдадта лаңкестердің қолынан 19 адам ажал құшты

Осылайша, соңғы ай ішінде лаңкестердің қолынан ажал құшқандар саны 1 мың адамға жеткен, мұндай мәліметті Iraq Body Count құқық қорғау ұйымы жариялаған.

Ирак астанасының Шула ауданындағы қос жарылыс жеті адамның өмірін қиды. Жарылғыш зат қойылған автомобильдің жарылуынан Жаңа Бағдадта тағы бес адам қаза болды. Қаскүнемдер Талибия ауданында төрт бейбіт тұрғынды өлтірген, ал Камп-Сара аумағында үш адамға оқ атқан.

Әзірге жарылыс үшін жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ, алайда, ел халқының басым бөлігін құрайтын шейіттер сүнниттік бағыттағы, оның ішінде «әл-Каид» ұйымымен байланыс бар ислам жауынгерлерінің құрбандары болып отыр.

2013 жылы Иракта озбырлық пен зорлық-зомбылық соңғы 5 жыл ішіндегі ең жоғарғы деңгейіне жеткен. БҰҰ мәліметтеріне сүйенсек, осының салдарынан елде бір жыл ішінде шамамен 9 мың адам қайтыс болған.