Бағдадта лаңкестік актісі салдарынан 18 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бағдадтағы қуатты жарылыстың салдарынан кемінде 18 адам ажал құшты, тағы 25-і жарақат алды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Бағдадта лаңкестік актісі салдарынан 18 адам мерт болды

Келіп түскен ақпаратқа қарағанда, жанкешті-лаңкес елордалық Мадинат-эс-Садр ауданында миналанған автомобильді жарып жіберді, Зардап шеккендердің бәрі де ауруханаларға жеткізілді, бұл жердің халқының басым бөлігі шиіттер болатын.

Өткен сейсенбіде ел астанасында және оның маңында 15-ке тарта адам құрбан болды, ондаған адам зардап шекті.

Иректағы тоқталмаған зомбылықтың салдарынан қыркүйек айында 1,1 мыңнан астам адам қаза болды, тағы 1,9 мыңнан астам адам жарақаттанды Бұл туралы Иракка көмек көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясы мәлімдеме таратты. Мәлімдеме мәліметтеріне сәйкес ел астанасы- Бағдадта күрделі жағдай туындап тұр. Онда 352 ирактық көз жұмды, 983-і зардап шекті. Одан кейін 298 адам құрбан болған, 383-і жарақаттанған Салах-ад-Дин провинциясы тұр.