Бағдадта перзентханадағы өртте 11 жаңа туған сәби мерт болды
ӘБУ-ДАБИ. Сәрсенбіге қараған түнде Бағдадтың батысындағы Ярмуктегі перзентханада өрт болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт электр сымдарының тұйықталуынан болған. Құтқарушылар 29 әйел мен 7 сәбиді көшіріп үлгерді. Өкінішке орай, өртте 11 жаңа туған сәби мерт болды.
Оқиға зардап шеккендердің туыстары мен жақындарының ашу-ызасын туғызып, оның соңы митингіге ұласты. Ағымдағы жылы Иракта мемлекеттік медициналық мекемелерде судың, жылудың және электрдің болмауынан өкімет орындарына қарсы бірнеше толқулар болды.
Ирактың емханалары мен ауруханаларының көпшілігінде медициналық қызметтер талапқа сай емес, бұл ирактықтарды шетелдерде немесе жеке мекемелерде емделуге мәжбүрлеуде.