Бағдадта содырлар 20 әйелді атып тастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз қарулы адамдар Бағдаттағы екі ғимаратта 29 адамды оқтың астына алды. Өлгендердің кемінде 20-сы - әйелдер.
Қылмыстың себебі әзірге белгісз, бірде-бір топ шабуылға жауапкершілікті мойнына алған жоқ.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бұл ғимараттар бордель ретінде пайдаланылған. Олардың бірінің есігіне шабуыл жасаушылар: «Зинақорлықтың түбі осылай аяқталады» деп жазып кеткен.