02:54, 17 Ақпан 2016 | GMT +5
Бағдадта ұрланған америкалықтар босатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак билігі қаңтар айында ұрланған АҚШ-тың үш азаматының босатылып, америкалық елшілікке жеткізілгенін мәлім етті.

Белгілі болғандай, бәрі де өздерін тәуір сезінеді.
Оларды ірі шиит жасақтарының сарбаздары ұрлап кеткен деген болжам жасалуда.
Шиит жасақтары өздерін «Ислам мемлекеті» деп атайтын экстремистік ұйымдармен күресте маңазды рөл атқарады, деп хабарлайды Би-би-си.