Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бағдадта жарылыс салдарынан алты адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бағдадтың орталық бөлігінде болған жарылыс салдарынан алты адам ажал құшып, тағы жетеуі жарақаттанды.

Бағдадта жарылыс салдарынан алты адам көз жұмды

Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

«Қолда бар мәліметтерге қарағанда, ел астанасының Эль-Каррада кварталында бомба қойылған көлік көкке ұшқан. Ирактағы экстремистік топтардың ешбірі жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алмады», - делінген ақпаратта.