Бағдадта жарылыстан 51 адам мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак астанасы Бағдадта төрт бірдей жарылыс болып, 51 адам қаза тапты. Тағы 100-ден астам тұрғын ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды khabar.kz.
Шаһардың солтүстік ауданындағы базарлардың бірінде жанкешті өзін жарып жіберген. Араға бірер сағат салып, шииттер көп тұратын екі ауданда жарылғыш зат орнатылған көліктер жарылған. Осыдан кейін жергілікті билік өкілдері оқиға орнындағы жолдары қоршауға алып, өңірде кептеліс пайда болған. Дәл осы кезде содырлар тағы бір көлікті жарып жібереді.
Әзірге лаңкестік әрекетті ешкім мойындаған жоқ.