Бағдадтағы екі лаңкестік оқиға салдарынан қаза тапқандар саны 250 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы мәлімет бойынша, Бағдадтағы екі лаңкестік оқиға салдарынан қаза тапқандар саны 250 адамға жетті. Бұл туралы Reuters Ирактың Денсаулық министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Лаңкестік оқиға 2 шілдеден 3-не қараған түні орын алған болатын. Бағдадтың шейіттер тұратын сауда-саттық ауданында миналанған көлік жарылды. Дәл осы уақытта шейіттер тұратын басқа ауданда да жарылыс болған. Оқиғаға жауапкешілікті «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы алып отыр.
Осыған дейін 20 адам қаза тапты деп хабарланған болатын. Алайда 3 сәуір күні күндіз көз жұмғандар саны 131 адамға жетті.
4 шілде күні Al Arabiya шенеуніктерге сілтеме жасап, көз жұмғандар саны 200-ден асты, тағы 200-ден аса адам жарақаттар алған деп хабарлаған.