Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бағдадтағы екі жарылыстан 24 адам көз жұмып, 57-сі жарақат алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бағдадтың орталығында болған жарылыс салдарынан 18 адам көз жұмып, 45 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Бұл туралы Associated Press (AP) агенттігі хабарлайды.

Бағдадтағы екі жарылыстан 24 адам көз жұмып, 57-сі жарақат алды

Белгілі болғандай, адам көп жиналатын Каррада ауданында көлік жарылған. Ал екінші жарылыс Бағдадтың солтүстігінде Аш-Шааб ауданынында базар маңында болды. Оқиға орнында  6 адам көз жұмып, тағы 12 адам жарақат алған.

Әзірге ешбір лаңкестік ұйым жарылысқа жауапкершілікті алмады.