Бағдадтағы мейрамхана маңындағы жарылыс кемінде 13 адамның өмірін қиып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак астанасы - Бағдадта автомобильге қойылған бомбаның жарылысынан кемінде 13 адам ажал құшты, деп хабарлады Би-би-си жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Бағдадтағы мейрамхана маңындағы жарылыс кемінде 13 адамның өмірін қиып кетті

30-дан астам адам зардап шекті. Бұл оқиға биылғы жылы Бағдадта болған ірі шабуылдың бірі болды.

Жарылғыш құрылғы Каррада ауданындағы танымал мейрамхананың жанында іске қосылды. Онда негізінен мұсылман-шиіттер тұрады, олар экстремист-сүнниттердің шабуылына жиі ұшырайды.