Бағдадтағы жарылыс салдарынан 12 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бағдадтың түрлі аудандарындағы жарылыс салдарынан кем дегенде 12 адам қаза тапты, деп хабарлады Reuters.
None
None

Амин ауданындағы базардағы жарылыста үш адам ажал құшты, 10 адам жарақаттанды. Қаланың оңтүстігіндегі Заафраниде тағы екеуі көз жұмып, жетеуі жарақаттанды. Солтүстік Сулейх ауданында екі адам мерт болды.

Бағдадтың шейіт аудандарында тағы бес адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар