Бағдадтағы жарылыстан 17 адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бағдад қаласында жарылыс болып, кем дегенде 17 адам қаза тапты, деп хабарлады ВВС.
Бомба қойылған бірнеше көлік, полицияның тексеру бекеті маңындағы дәмхана алдында жарылған. Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл жарылыстан 30 адам мерт болды.
Кеше Бағдад қаласына АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри елдің жаңа премьер-министрі Хейдар әл-Абадимен келіссөздер жүргізуге келген.