Бағдадтағы жарылыстан қаза тапқандар саны 70 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бағдадтағы жарылыстан қаза тапқандар саны 70 адамға жетті. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап Reuters хабарлады. Олардың мәліметі бойынша 100-ден астам адам түрлі дәрежеде жарақаттар алған. Осыған дейін оқиға салдарынан 28 адам көз жұмып, 60-тан аса зардап шекті деп хабарлаған болатынбыз.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Бағдадтың Мадинат-эс-Садр шейіттер кварталындағы базарда екі жанкешті жарылыс жасаған. Жарылысқа жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы алып отыр.