Бағдадтағы жарылыстар салдарынан 60-тан астам адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак астанасы - Бағдадта бір мезгілде 5 жарылыс болды. ИТАР-ТАСС-тың «Әл-Арабия» телеарнасына сілтеме жасап хабарлауынша, Бағдадтың әртүрлі аудандарында мина қойылған автомашиналар жарылған.
None
None

Бағдадтағы жарылыстар сериясында қаза болғандар саны 60 адамнан асты. Жараланғандардың саны натыланбаған. Бұдан бұрын 35 адамның қаза болғаны хабарланған болатын.

Құрбандар саны жағынан ең ауқымды жарылыс қаланың оңтүстігіндегі Байаа ауданында болды, онда 23 адам метр болды, деп атап өтеді агенттік.

27 мамырда Бағдадта болған ауқымды лаңкестік актісінде кемінде 20 адам қаза болып, 35-і жарақат алған болатын. Ал 7 маусымда «Ирак және Леванта ислам мемлекеті» экстремистік тобының содырлары Ирактың Рамади қаласында Әл-Анбар университетінің ғимаратын басып алды, ондаған студенттер мен қызметкерлерді кепілдікке алды.

5 маусымда Ирактың бірнеше қаласы экстремистердің қарулы шабуылына ұшырады. Самарриден түскен ақпаратқа қарағанда сүннит тобы содырларының шабуылынан 38 полиция қызметкері мерт болған.

Ал 6 маусымдағы Ирактың солтүстігіндегі Найнава провинциясындағы бірнеше шабуылдың нәтижесінде 13 адам мерт болып, 56-сы жараланған.

Соңғы жаңалықтар