Бағдадтағы жарылыстарда 15 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак өкімет орындары Бағдадтың шиіттер тұратын орамында және қаланың маңында 15 адам қаза тапқанын хабарлады.

Бағдадтағы жарылыстарда 15 адам мерт болды

Полицияның мәлімдеуінше, жексенбі күні түнде қаланың шығыс шетіндегі әл-Обейди шиіт орамында дәмхана жанында бомба жарылып, төрт адам көз жұмған және 14-і жарақаттанған.

Бағдадтың оңтүстік-шығысындағы Джиср Диялада кішкентай мейрамхананың қасында тағы бір бомба жарылған. Оның салдарынан төрт адам өліп, 11-і жарақаттанды.

Автобус аялдамасында іске қосылған тағы бір бомба бұдан бұрын төрт адамға ажал құштырып, тоғызын жарақаттаған болатын. Бағдадтың солтүстік-шығыс ауданындағы Шуллада автобус аялдамасында тағы бір бомбаның жарылуынан төрт адам құрбан болды.

Ирактың мемлекеттік госпитальдары өлгендер санын қуаттады.