Бағдадтан ұшқан ұшақ Кувейтке шұғыл түрде қонды
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - «Ирак эйруэйз» авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы Эль-Кувейт әуежайына шұғыл қонды.
Лайнер бортында 216 адам болған. «Бағдад-Нью-Дейли» бағытында ұшқан ұшақ дүйсенбіге қараған түні Кувейт халықаралық әуежайына қонуға рұқсат сұрады.
Жапа шеккендер туралы мәлімет хабарланбады.