Бағдадты тұңғыш рет әйел басқаратын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғары білім беру министрлігінің бас директоры Зикра Аль-Вищ Ирак астанасының мэрі болып тағайындалды. Ол елдегі осындай лауазымға ие болған алғашқы әйел, деп хабарлайды AFP.

Бағдадты тұңғыш рет әйел басқаратын болды

Аталмыш агенттіктің деректеріне қарағанда, Аль-Вищ жексенбіде өзінің лауазымды қызметіне кірісуі тиіс.

«Ирак Премьер-министрі Хайдер Аль-Абади қала мэрі Наим Аббудты жұмысынан босатып,оның орнына Зикра Аль-Вищті тағайындады»,- деп мәлімдеді ирак үкіметінің өкілі.