Бағдадтың оңтүстігіндегі жарылыс: 43 адам қаза болды

АСТАНА. Шілденің 18-і. ҚазАқпарат - Иракта кезекті ірі лаңкестік болды. Бұл жолы жанкештілер кемінде 43 адамның өмірін қиды. Тағы 40 адам жараланып, ауруханаларға жеткізілді, деп хабарлады Би-Би-Си.

Бағдадтың оңтүстігіндегі  жарылыс: 43 адам қаза болды

Оқиға Радвания қаласында болды. Лаңкестің мақсаты қазіргі үкіметті қолдайтын ерікті сүннит құрылымдарын жою болған. Жарылыс олар еңбекақы алуға кезекке тұрған кезде болған.

Куәгерлердің айтуынша, ақша үлестірілуі тиіс әскери базаның қақпасы жанында шамамен 85 адам тұрған. Күдікті адамды базаны күзетіп тұрған сарбаз көріп, кім екенін тексермек болған, сол кезде жарылыс гүрс ете түскен.