Бағдадтың солтүстігінде жарылыс болды, қаза тапқандар бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бағдад қаласының солтүстігінде болған жарылыс салдарынан кем дегенде үш адам қаза тауып, 12 адам жарақаттанды. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады.
Оның мәліметтерінше, жанкешті жарылғыш затты аурухананың жанында адамдарға толы бақылау-өткізу пунктінің жанында іске қосты.
Әзірге болған оқиға үшін жауапкершілікті әлі бірде-бір топ мойынына алған жоқ, деп хабарлайды РИА Новости.