Бағдарлама жасаушы саусағының орнына флешка жасап алды

АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Мотоциклден құлаған кезде саусағынан айрылған фин азаматы өзіне флеш-карталы саусақ протезін жасап алды.

Бағдарлама  жасаушы  саусағының  орнына флешка жасап алды
Ол саусақ-флешкасын шешіп алып, компьютердің USB-портына тікелей қоса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС телекомпаниясына сілтеме жасап. Мамандығы бағдарлама жасаушы болып табылатын Джерри Ялава бұл мақсатта ауқымы 2 GB флешканы қолданып отыр. Ал «саусақ-флешканы» USB-портқа қосу үшін жасанды саусақтың «тырнағын» жылжытса жетіп жатыр. Джерридің айтуынша, саусақ-флешкасын жасауға, дәрігерлердің оның бағдарлама жасаушы екенін естігеннен кейін айтқан әзілдері себеп болған.