Бағдат Мусин: Елімізден өзге мемлекетке телефон шалғанда Қазақстан деген жазу шығып тұрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстаннан өзге мемлекетке телефон шалғанда шетелдіктердің телефонынан Қазақстан деген жазу шығып тұрады, деп жазды бүгін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркісібі минстрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында.

Бағдат Мусин: Елімізден өзге мемлекетке телефон шалғанда Қазақстан деген жазу шығып тұрады

«Жақсы жаңалық! БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгіледі.

Енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда, шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі цифрлы сервистерді қолданғанда да, барлық жерде Қазақстан деген сигнал шығады.

Кезінде КСРО тарағанда, +7 халықаралық телефон коды екі елге бірдей бекітілген болатын. Біз Қазақстанға ғана тиесілі халықаралық кодқа қол жеткізу үшін былтырдан бері телекоммуникация саласындағы компаниялармен бірге жан-жақты жұмыс жүргізіп келеміз. Осы келіссөздердің нәтижесінде біздің елге дербес +997 коды резервке қойылды!

Қазір тиісті құжаттар рәсімделіп, жаңа кодқа көшу бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр»,-деп жеткізді қуанышты жаңалықты министр Бағдат Мусин.