Бағдат Мусин «Қазақтелеком» құрылымынан мобильді операторлардың бірін шығаруға қатысты пікір білдірді

Қазақтелеком
Фото: ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

Бағдат Мусин «Қазақтелеком» құрылымынан мобильді операторлардың бірін шығаруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Kazinform.

«Салада толыққанды нарық және нарықтық жағдай қалыптастыру үшін «Қазақтелеком» құрылымынан мобильді операторлардың бірін шығару қажеттігіне қатысты мәселені Мәжілістің де. Монополиядан арылту жөніндегі комиссияның да қабырғасында көтердім. Менің білуімше, «Қазақтелекомнан» ресми ақпарат мынадай: сатып алу алдындағы тиісті процедура жүріп жатыр. Кез келген инвестор сатып алардың алдында тексеру іс-әрекеттерін жүргізеді. Қазіргі уақытта бұл процедураны екі компания жүргізуде. Тексеруден кейін бағасына келіседі. Бағасы белгіленгеннен кейін мәміле жасалады», - деді министр Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Оның атап өтуінше, бұл процедура 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімді қамтиды.

«Дегенмен, «Қазақтелеком» келесі жылдың ішінде бұл тапсырманы орындауы тиіс. Өйткені, тапсырма Премьер-Министр деңгейінде бекітілген және Мемлекет басшысының бақылауында тұр», - деді Бағат Мусин.

Министрдің нақтылауынша, Kcell де, Tele2 де аталған процедурадан өтіп жатыр. Бірақ, оның біреуі бойынша сауда-саттық өтеді.

Соңғы жаңалықтар