Бағдатта жанкешті он адамды мерт қылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ирак астанасының солтүстігіндегі блок-бекетте жанкешті жарылыс жасап, он адамды мерт қылды, деп хабар Ассошиэйтед Пресс агенттігі.
Оқиға жексенбі күні таңғы уақытта, шиғалар (шийіттер) өмір сүретін Аль-Кадимейн ауданында болған. Құрбандардың екеуі - полиция қызметкері, сегізі - бейбіт тұрғын. Сондай-ақ, 20 адам жараланды, деп мәлімдеді «РИА Новости».