БАҒЫ БАР БАЛА: Терезеден құлап бара жатқан кішкентай баланы бейтаныс жүргінші қағып алды - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайда бір-екі жасар кішкентай бала бір өлімнен қалды. Бұл туралы rosbalt.ru жазады.
Терезеден құлағалы тұрған баланы байқап қалған бейтаныс жүргінші оны құлап бара жатқан жерінен қағып алып, өмірін сақтап қалды.
Бұл оқиға Қытайдың Гуандун оңтүстік провинциясындағы Чжуншань қаласында орын алды. Өз анасын іздеген жас бала терезенің ернеуіне шығып кеткен. Кейін абайсызда жерге құлдырай жөнелген.