Бахрейнде оппозиция көтерілісі кезінде 33 адам мерт болып, 400-ден астам адам жараланған - арнайы комиссия жетекшісі

АСТАНА. 25 шілде. ҚазАқпарат - Ақпан айында Бахрейнде болған үкіметке қарсы көтерілістің барысында 33 адам қаза тауып, 400-ден астам адам жараланған.

Бахрейнде  оппозиция көтерілісі   кезінде 33 адам   мерт болып, 400-ден астам адам  жараланған - арнайы   комиссия    жетекшісі

Бұл туралы ақпан оқиғасының мән-жайын тексерумен айналысқан тәуелсіз тексеру комиссиясының жетекшісі Шариф Бассиони мәлім етті.

30 қазанға дейін комиссияның арнайы баяндамасы жарияланып, онда оқиғаның ресми түсіндірмесі беріліп, толқуды тоқтату үшін қабылданған қатаң шаралардың себептері түсіндірілмек.

Бахрейннің елордасы -Манамадағы толқу араб әлеміндегі акциялармен қатар басталған болатын, бірақ жергілікті өкімет манифестшілерді орталықтағы Інжу алаңынан шетке қарай ығыстыра алды. Кейіннен елге «Түбек қорғаны» бағдарламасының аясында Сауд Арабиясы мен Араб Әмірдіктерінен күшейтілген полиция күштері енгізілді.