Қазақстандық футболшы Бақтиер Зайнутдинов жарақат алып қалды

Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташ» сапындағы кезекті ойынын өткізді. Отандасымыз Түркия Суперлигасының 12-турында жарақат алып қалды, деп хабарлайды Kazinform Prosports.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бақтиер
Фото: Sports.kz

Допқа талас кезінде оның бетіне «Истанбул Башакшехир» ойыншысы Джером Опокудың шынтағы қатты тиіп кетті. Салдарынан отандасымыздың бас сүйегі, көзі және мұрнына зақым келді. Жартылай қорғаушы «Истанбул Башакшехирмен» болған ойынның 41-минутында ауыстырылды. 

Жарақат
Фото: Prosports.kz

Ойыншы Ыстамбұлдағы ауруханалардың біріне жатқызылды.

Бұл ойында «Бешикташ» 1:0 есебімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, 17 қарашада Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Мариномен ойнаса, 21 қарашада сыртта Словениямен кездеседі. 

Соңғы жаңалықтар