Бахтияр Артаевтың қызды ұрғанына сенбеймін - А. Махметов

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мен Бахтияр Артаевтың қызды ұрғанына сенбеймін», - деді «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қоғаммен байланыс департаменті директоры және «Астана» мемлекеттiк қорғаншылық және қамқоршылық жөнiндегi мекемесінің мүшесі Айдар Махмедов Vesti.kz сайтына берген сұхбатында.

Бахтияр Артаевтың қызды ұрғанына сенбеймін - А. Махметов

«Себебі, мен Бахтиярды жақсы танимын. Бір жыл көлемінде онымен тығыз жұмыс жасадым. Ол сабырлы, қайырымды жан. Қызбалыққа салынғанын көргенім жоқ. Өзі туралы бұл даулы ақпаратты кеше оған бірінші хабарладым, өйткені ол Таразға кетіп қалған болатын. Мен тіпті бұл келеңсіз жайға сенбеймін де. Бахтиярдың өзі де қол көтермегенін айтты. Өзіңіз ойлаңызшы, ол Олимпиада чемпионы, оның жұдырығы қатты, соққысы ауыр емес пе?! Енді ол қызды ұрды дегенге өз басым сене алмаймын»,- деді Айдар Махметов.

Оның айтуынша, жағдай бұдан да ушықпас үшін Олимпиада чемпионы енді «жәбірленушімен» сөйлеспек.

« Бұл даулы мәселе көп ұзамай басылады деген ойдамын. " Түймедейді түйедей" қылатындарды түсінбеймін. Иә, Бахтиярдың сол би алаңында болғаны рас. Бірақ, әркім өз қабілетіне қарай билейді ғой, би кезіндегі біреулердің қимыл- әрекетін дауға айналдырудың қажеті жоқ. Мен Бахтиярдың айтқанына сенемін. Оның еліміз үшін қандай абыройлы жеңіс әкелгенін ұмытпайық», - деген сұхбатында Айдар Махмедов.