Бахтияр Эюбовтің келесі қарсыласы кім
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбовтің келесі қарсыласының есімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жерлесіміз 10 наурызда Детройдта (Мичиган, АҚШ) өткізетін жекпе-жегінде 39 жасар америкалық Гилберт Венегаспен (15-26-5, 8 КО) қолғап түйістіреді.
Бокс кеші MGM Grand Detroit аренасында өтеді.
Жартылай орта салмақта өтетін кездесу 6 раундтан тұрады. Бұл кешті америкалық Showtime телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетуді жоспарлап отыр.
Естеріңізге сала кетсек, Эюбов кәсіпқой бокста 11 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жеткен, оның ішінде он кездесуді уақытынан бұрын аяқтаған.