Бахтияр Өнербаев жаңа қызметке тағайындалды
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform.
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Бахтияр Әлтайұлы Өнербаев Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Бахтияр Әлтайұлы 1967 жылғы 9 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы Көксәйек ауылында туған.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің және Қырғыз мемлекеттік ұлттық университетінің түлегі. Мамандығы – химия, құқықтану.
Еңбек жолын 1989 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді С.М.Киров атындағы мемлекеттік университеті органикалық емес химия кафедрасының аға препараторы болып бастаған.
1990-2012 жылдары Алматы қаласы жекешелендіру комитетінде, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінде, Президенттің Іс басқармасында, Жоғарғы Сотта және Парламент Сенатының аппаратында жауапты басшылық қызметтер атқарды. 2014-2016 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары, 2016-2020 жылдары Алматы облысы Текелі қаласының әкімі, 2020 жылы Алматы облысы әкімінің Астана қаласындағы кеңесшісі лауазымдарында еңбек етті.
2020 жылдың желтоқсан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы болды.