БАҚ: АҚШ Сирияға әуеден соққы жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ басшылық еткен коалиция Бу-Кемаль қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан Сирия армиясы позицияларының біріне әуеден соққы жасады. Бұл туралы дүйсенбі күні Sana агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.

БАҚ: АҚШ Сирияға әуеден соққы жасады

Агенттіктің әскери дереккөзінің ақпаратынша, соққы салдарына зардап шеккендер мен қаза болғандар бар. Олардың саны нақтыланбады.