16:35, 29 Наурыз 2015 | GMT +5
БАҚ апатқа ұшыраған Airbus «қара жәшігінің» стенограммасының жазбасын жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Bild неміс газеті Француз Альптерінде апатқа ұшыраған Airbus A320 ұшағының «қара жәшігінің» толық стенограммасын жариялады.

Ондағы жазба 1,5 сағат жүреді, деп жазады Газета.ру.
Хабарламада айтылғандай, жазбада бірінші ұшқыш кабинада жабылып алған Андреас Лубицке «Есікті аш» деп айқайлап жатқаны, ал оның артынан жолаушылардың айқайлап жатқан дауыстары естіледі.
Осыған дейін белгілі болғандай, ДНК сараптамасының көмегімен Airbus A320 жолаушылар ұшағының екінші ұшқышы Андреас Лубицтің мәйіті табылды.